Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Терезе алдындағы бау- бақша"
27
февраль
2026
"Терезе алдындағы бау- бақша"
Міндеті: Балаларды өсімдік әлемімен таныстыру.Терезе алдында гүлдер мен көкөністерді өсіруге деген қызығушылықтарын  арттыру.Өсімдіктердің өсуіндегі  өзгерістерді бақылауға үйрету.Балалардың экологиялық санасын қалыптастыру.Табиғатты аялауға, қоршаған ортаға қамқорлық пен қарауға тәрбиелеу.
"Ата-аналарға қыс мезгіліндегі көшедегі қауіпсіздік кезіндегі ұсынымдар"
25
февраль
2026
"Ата-аналарға қыс мезгіліндегі көшедегі қауіпсіздік кезіндегі
Ата-аналарға арналған негізгі ұсынымдар: Көктайғақ қаупі: Балаларға тайғақ жерде кішкене қадамдармен, бүкіл табанмен жүруді үйретіңіз. Көліктердің тоқтау қашықтығы қыста ұзаратынын ескертіңіз. Мұз айдынындағы қауіпсіздік: Қатып қалған су айдындарына, өзен-көлдерге балаларды жалғыз жібермеңіз. Мұздың қалыңдығын тексеріп, тек белгіленген, жабдықталған жерлерде ғана сырғанауға рұқсат беріңіз. Киім үлгісі: Баланы аяздан қорғау үшін көп қабатты киіндіріңіз, басы мен қолдарын (қолғап) міндетті түрде
"Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару" сейсмикалық жаттығулар
25
февраль
2026
"Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару"
М індеттері: Қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйрету. Жер сілкінісі кезінде, далаға шығу, үстелдің астына жасырыну.Тәрбиешінің айтқанын тыңдау.Дұрыс және тыныш эвакуация жасауға дағдыландыру.Балаларды бір қатармен, итермелеспей, қауіпсіз шығуға үйрету.Қызметкерлердің әрекетін пысықтау.Тәрбиешілер мен техникалық қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі міндеттерін нақтылау.
"Ана және өнер" қолөнер туындылары
19
февраль
2026
"Ана және өнер" қолөнер туындылары
Міндеттері: Ұсақ моториканы, қиялын және эстетикалық талғамын дамыту. Еңбекке баулу және бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу. Анаға деген мейірім, қамқорлық, алғыс сезімдерін арттыру. Балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Балалардың шығармашылық жетістіктерін көрсету және мадақтау.
"Өрт кезінде көмек көрсету"
18
февраль
2026
"Өрт кезінде көмек көрсету"
Міндеттері: Өрттің қауіпті екенін және оның неден шығатынын қарапайым тілмен түсіндіру. Өрт болған жағдайда үлкендерді дереу хабардар ету керектігін үйрету. «101» нөміріне қоңырау шалу тәртібін таныстыру. Түтін кезінде ауыз-мұрынды суланған мата арқылы жабу керектігін түсіндіру. Ғимараттан тәрбиешімен бірге тәртіп сақтап шығу дағдысын қалыптастыру. Қорқыныш сезімін жеңуге және сабыр сақтауға баулу.
"Мен-зерттеушімін" -өнертапқыштыққа алғашқы қадам (Эксперименталдық іс-әрекет тәрбиешілері)
05
февраль
2026
"Мен-зерттеушімін" -өнертапқыштыққа алғашқы қадам (Эксперименталдық
Міндеттері: Зерттеу әрекетіне қызығушылық қалыптастыру; Бақылау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыту; Қарапайым эксперименттер арқылы табиғи құбылыстарды түсіндіру; Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
"Менің әкем - полиция қызметкері"
05
февраль
2026
"Менің әкем - полиция қызметкері"
Міндеті: Балалар "Менің әкем- полиция қызметкері"  сурет көрмесіне қатысып, шығармашылық жұмыстары арқылы  белсенділік танытты.Балалар полиция қызметкерлерінің ерлікке толы еңбектерін түрлі - түсті бояулармен бейнелеу арқылы әкелеріне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
"Боран" кезіндегі іс-әрекет
04
февраль
2026
"Боран" кезіндегі іс-әрекет
Міндеті: Балаларды қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарымен таныстыру. Ауа райының қолайсыз уакытта қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін түсіндіру.
"Бөбекжайдағы бір күнім" Ата-аналар бөбекжай өмірімен таныстыру
04
февраль
2026
"Бөбекжайдағы бір күнім" Ата-аналар бөбекжай өмірімен таныстыру
Міндеті: Ата-аналармен қарым-қатынас құру,  да ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасауды нығайту, бала тәрбиесі мен білімін бірлесіп шыңдау,  бөбекжай-бақшасындағы барлық топтарға саяхат жасау, қызметкерлермен танысу, меңгеруші, әдіскер,   медбике, психолог, ән залы, консультативтік пункт т.б кабинеттерге саяхат жасап таныстырылды.  Ата‑ана мен бөбекжайдың тығыз ынтымақтастығы нығыйту.  
"Мен-зерттеушімін" -өнертапқыштыққа алғашқы қадам
02
февраль
2026
"Мен-зерттеушімін" -өнертапқыштыққа алғашқы қадам
Балалардың зерттеушілік қызығушылығын ояту, ойлау, салыстыру, болжам жасау дағдыларын дамыту.  
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 69 Вперед