Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көңілді жаз
20
июль
2026
Көңілді жаз
Міндеті: Балалардың жаз мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс белсенділігін, ептілігін және шапшаңдығын дамыту. Ойын арқылы балалардың ұйымшылдыққа, достыққа және бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, ойлау және сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Көтеріңкі көңіл күй қалыптастырып, жазғы демалысты қызықты әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасау.
"Спорттық ойындар күні"
15
июль
2026
"Спорттық ойындар күні"
Міндеті:Балалардың денсаулығын нығайту және салауатты өмірсалтын қалыптастыру.Қимыл-қозғалыс дағдыларын (жүгіру, секіру, лақтыру, тепе-теңдікті сақтау) дамыту. Ептілікке, жылдамдыққа, төзімділікке және шапшаңдыққа баулу. Топпен жұмыс істеуге, достыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, белсенді ойындарға тарту. Жарыс барысында тәртіп сақтауға және қауіпсіздік ережелерін орындауға үйрету.
"Ұлттық ойындар"
10
июль
2026
"Ұлттық ойындар"
Ұлттық ойындар фестивалі қимыл-қозғалыс ойындар. Таза ауада ұлттық ойындар ойнау. "Аөсерек пен көксерек" "Көкпар" "Ханталапай" "Бәйге" "Арқан тару" "Алтын сақа"  ұлттық ойындары.  Міндеті: Оқушыларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру. Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырып, денсаулықты нығайту. Шапшаңдық, ептілік, күш, төзімділік және дәлдік қасиеттерін дамыту. Топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Жазғы жалаң аяқ жаттығулары
08
июль
2026
Жазғы жалаң аяқ жаттығулары
Міндеті: Баланың денесін шынықтыру және иммунитетін күшейту.Табан бұлшықеттері мен байламдарын дамыту.Жалпақтабанның алдын алу.Қимыл-қозғалыс үйлесімділігі мен тепе-теңдігін жетілдіру.Табанның сезімталдығын арттыру.Табиғатпен етене байланыс орнатып, салауатты өмір салтына қызығушылық қалыптастыру.Жалаңаяқ жаттығулар қауіпсіз жерде (шөпте, құмда, ұсақ тастар төселген арнайы жолақта) және тәрбиешінің бақылауымен өткізіледі.
"Жазғы сайыстар"
08
июль
2026
"Жазғы сайыстар"
Міндеті: Балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Таза ауада ойнауға деген қызығушылығын қалыптастыру. Жүгіру, секіру, лақтыру сияқты негізгі қимыл дағдыларын дамыту. Ептілікке, шапшаңдыққа және төзімділікке тәрбиелеу. Достыққа, ұйымшылдыққа және бір-біріне көмектесуге баулу. Ойын ережелерін сақтауға және тәртіптілікке үйрету. Көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру.
"Менің отбасы тарихым"
01
июль
2026
"Менің отбасы тарихым"
Міндеті: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйісепншілікке тәрбиелеу. 
Мамандықтармен таныстыру
27
июнь
2026
Мамандықтармен таныстыру
«Мамандықтармен таныстыру»  міндеттері: 1. Балаларды әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру (дәрігер, мұғалім, өрт сөндіруші, аспаз, жүргізуші т.б.). 2. Мамандық иелерінің еңбегінің маңызын түсіндіру, еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру. 3. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын кеңейту және жаңа ұғымдарды меңгерту. 4. Қарапайым еңбек түрлеріне қызығушылықтарын ояту. 5. Ойын арқылы мамандықтарды ажырата білу дағдыларын дамыту. 6. Болашақ мамандыққа деген алғашқы түсінік пен қызығушылық қалыптастыру.
«4 маусым- Рәміздерім менің»
03
июнь
2026
«4 маусым- Рәміздерім менің»
Міндеттері: Балаларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы түсініктерін кеңейту; Елтаңбадағы негізгі белгілерді (шаңырақ, уықтар, қанатты пырақтар, жұлдыз) танып-білуге үйрету; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу; Шығармашылық қабілеттерін, қиялын және эстетикалық талғамын дамыту; Сурет салу, бояу немесе жапсыру дағдыларын жетілдіру; Өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Асфальт үстіндегі сурет
01
июнь
2026
Асфальт үстіндегі сурет
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау, түрлі түстерді дұрыс қолдануға үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру және қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру. Міндеттері: Асфальт бетіне сурет салу дағдыларын жетілдіру; Ұсақ қол моторикасын дамыту; Түстерді ажырата білуге үйрету; Өз ойын сурет арқылы жеткізуге баулу; Достыққа, ұжыммен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 75 Вперед