Болашақ оқушының күн тәртібі
Дұрыс жоспарланған күн тәртібі оқушының сабақ үлгерімін арттырып қана қоймай, ата-ананың да жүйкесін аман сақтайды. Сабақ пен демалыстың үйлесіммен кезектесуі баланың шаршамауына, уақытын тиімді пайдалануына және көңіл күйінің жақсаруына көмектеседі. Оқу жеңіл әрі қызықты өтуі үшін әрбір оқушыға нақты режим қажет. Оқушының күн тәртібін құрастыру кезінде ұйқы нормасын, тамақтану режимін, сондай-ақ демалыс пен спортқа деген қажеттілікті ескеру өте маңызды.