"Өрт-тілсіз жау"
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелері сақталмаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес. Өрт – аса қатерлі жау. Сондықтан да бұған бей-жай қарауға болмайды. Күннің күрт ысуына байланысты табиғат өрттердің орын алу