Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай -бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі педагог-психолог 0,5 бірлік жүктеме тұрақты лауазымына конкурс жариялайды!
Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, Талас алабы Достық көшесі № 22.
Электрондық поштасы: zhansai –zhansai 2025 zhansaya @yandex.kz
Пошталық индексі: 080115
Анықтама үшін телефон: 2-55-48.
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай -бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Конкурс ҚР Оқу- ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру « Enbek.kz», сайтына, бөбекжай- бақшасы сайтына: http://jansaya.balabaqshasy.kz/, «Facebook» парақшаларына конкурс хабарламасы жарияланады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға қабылдау мерзімінде қажетті құжаттарды қағаз түрінде құжаттарды жинақтап өткізеді .
Бос лауазым атауы: Педагог-психолог 0,5 бірлік жүктеме.
Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты: 130.000-160.000 мың теңге
Лауазымдық міндеттері:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;
мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;
қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке кіші топты және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;
мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Психология" бағыты бойынша "Педагогика және психология" бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе "Психология" бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды, медициналық білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)бекітілген 075\у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалылық, мінез құлықтық бұзушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
11) осы Қағидаларға 12,13- қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педогогтің бос немесе бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат..
Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару негізі болып табылыды.
Кандидат болған жағдайда, біліміне, жұмыс жұмыс тәжірибесіне кәсіби деңгейіне біліктілігін арттыру,ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру
жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі 04.11.2025-12.11.2025 жыл аралығында. Конкурс өтілетін күні: 19.11.2025жыл.
