Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
19
сентябрь
2025

Конкурс өткізу туралы хабарландыру!

       Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай -бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі музыка жетекшісі 0,75 бірлік жүктеме  лауазымына конкурс жариялайды!
 Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, Талас алабы  Достық көшесі № 22.
 Электрондық поштасы: zhansai –zhansai 2025 zhansaya @yandex.kz
 Пошталық индексі: 080115
 Анықтама үшін телефон:  72637 2-55-48.
 Мекеме атауы:   Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының  білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай -бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  

      Конкурс ҚР Оқу ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
       Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру « Enbek.kz», сайтына, бөбекжай- бақшасы сайтына: http://jansaya.balabaqshasy.kz/, «Facebook» парақшаларына конкурс хабарламасы жарияланады. 

       Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға  қабылдау мерзімінде   қажетті құжаттарды  қағаз түрінде  құжаттарды жинақтап өткізеді .
 Бос лауазым атауы: музыка жетекшісі -0,75 бірлік

Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты: 150.000-180.000 мың теңге


                                             Негізгі функционалдық міндеттері:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады; музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді; балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді; педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады; балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді; ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді. 

                                                             Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикассының Еңбек Кодексін, Білім туралы,Педагог мәртебесі туралы,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы,Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,   

     мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, 

балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар,музыкалық білім беру әдістерін 

                                               Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және(немесе жоғары оқу орыннан кейінгі педогогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды) 

                                               Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
 1
) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);        
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4)  Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)бекітілген 075\у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
 7) психикалылық, мінез құлықтық бұзушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)             

11)  осы Қағидаларға 12,13- қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педогогтің бос немесе бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) жұмыс орнынан  (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару негізі болып табылыды.
 
Кандидат болған жағдайда, біліміне, жұмыс жұмыс тәжірибесіне кәсіби деңгейіне   біліктілігін арттыру,ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері  қатысты қосымша ақпарат ұсынады.  

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру 

жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі   19.09.-29.09.2025 жыл аралығында. Конкурс өтілетін күні: 06.10. 2025жыл.
 





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив