Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай -бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі әдіскер 0,5 бірлік жүктеме лауазымына конкурс жариялайды!
Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, Талас алабы Достық көшесі № 22.
Электрондық поштасы: zhansai –zhansai 2025 zhansaya @yandex.kz
Пошталық индексі: 080115
Анықтама үшін телефон: 72637 2-55-48.
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай -бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2025 жылғы 31наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру « Enbek.kz», сайтына, бөбекжай- бақшасы сайтына: http://jansaya.balabaqshasy.kz/, «Facebook» парақшаларына конкурс хабарламасы жарияланады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға қабылдау мерзімінде қажетті құжаттарды қағаз түрінде құжаттарды жинақтап өткізеді .
Бос лауазым атауы: әдіскер -0,5 бірлік
Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты: 160000 мың теңге
Лауазымдық міндеттері:
Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар және бағдарламаларды құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады.Жас ерекшелік топтары бойынша іс әрекетті жасайды.Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен кұралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Жаңартылған педагогикалық тәжірибелерді анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
Оқу әдістемелік құралдармен, ойындармен, ойыншықтармен топтарды жабдықтауды ұйымдастырады. Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.Тәрбиешілер үшін ашық іс әрекеттер, семинарлар, жеке және топ бойынша консультациялар, конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады.
Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді.
Тәрбиешілердің, психологтардың , логопедтердің . музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялык-педагогикалық сүйемелдеу кызметінің қызметін үйлестіреді.Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу бойынша ұсыныстар енгізеді
Біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), педагогтарды аттестаттау бойынша жұмысты үйлестіреді.Білім беру ұйымдарында Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының катысуымен енгізу.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазакстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін және баска да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік кұкыктық актілерді,
мектепке дейінгі оқыту мен білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,дидактика принциптерін, педагогика негіздерін, психологияны, жалпы және жеке окыту және тәрбиелеу әдістерін,
еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін, техника кауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, әдістемелік және акпараттық материалдың жүйелендірудің қағидаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі; мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде соңғы 5 жылдан кем емес, ауылдық жерде соңғы 3 жылдан кем емес;
педагог-шебер үшін тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім; мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде соңғы 5 жылдан кем емес, ауылдық жерде соңғы 3 жылдан кем емес;
педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші үшін бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде соңғы 5 жылдан кем емес, ауылдық жерде соңғы 3 жылдан кем емес.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)бекітілген 075\у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалылық, мінез құлықтық бұзушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
11) осы Қағидаларға 12,13- қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педогогтің бос немесе бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару негізі болып табылыды.
Кандидат болған жағдайда, біліміне, жұмыс жұмыс тәжірибесіне кәсіби деңгейіне біліктілігін арттыру,ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру
жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі
18.08.-26.08.2025 жыл аралығында. Конкурс өтілетін күні: 03.09. 2025жыл.