Ұлыстың ұлы күні – Көрісу күні құтты болсын!
Көрісу – тек дәстүр ғана емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше күн.Көрісу күні – жүректерді жақындататын күн, жәй ғана күн емес, бұл – ағайынның бір-бірімен жүздесіп, үлкендерге сәлем беріп, өткенге салауат айтып, болашаққа үмітпен қарайтын күн. Бұл күні реніштер ұмытылып, барша жан кешірімділік пен мейірімділікке бөленеді. Көрісу күні тек жақсылықтармен есте қалсын! Әр үйге шаттық пен береке, әр жүрекке жылулық пен қуаныш тілейміз!