Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Тәрбиелеу-білім беру процесі
«Еңбек күні: Үлкендердің еңбегі – табиғатты күту»
25
сентябрь
2026
«Еңбек күні: Үлкендердің еңбегі – табиғатты күту»
Міндеті:Балаларға үлкендердің еңбегі, еңбексүйгіштік пен жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру,табиғатты күту, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық жасауға үйрету,еңбек адамдарының еңбегін құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу,балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа және бірлесіп еңбек етуге баулу,табиғатқа жанашырлықпен қарау, қоршаған ортаны қорғау дағдыларын дамыту,еңбек нәтижесін бағалай білуге және өз еңбегінен қанағат алуға тәрбиелеу.
«Улы заттар»
23
сентябрь
2026
«Улы заттар»
Міндеті:Улы және қауіпті заттар туралы түсінік қалыптастыру,тұрмыста кездесетін улы заттарды (тұрмыстық химия, дәрі-дәрмек, бояу, еріткіштер және т.б.) ажырата білуге үйрету,белгісіз заттарды ұстамау, иіскемеу, дәмін татпау керектігін түсіндіру,улану қаупі туындаған жағдайда қауіпсіз әрекет ету және ересектерден көмек сұрау дағдыларын қалыптастыру.
«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалықтың негізі»
21
сентябрь
2026
«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалықтың негізі»
Міндеті:Балаларға заң, тәртіп, құқық және міндет туралы қарапайым түсінік қалыптастыру,балабақшадағы тәртіп ережелерін сақтауға үйрету,өзінің және басқа балалардың құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу,қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру,әдептілікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа және тәртіптілікке тәрбиелеу,қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру,балалардың үлкендерді тыңдауына, достарымен сыйластық қарым-қатынас жасауына бағыт беру.
"Қош  келдің балақай"
16
сентябрь
2026
"Қош келдің балақай"
Міндеті: үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету. Балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту. Айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.
"Тіл байлығы-ой байлығы"
04
сентябрь
2026
"Тіл байлығы-ой байлығы"
Міндеті:Балаларға тілдің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру,ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу,қазақ тілінде дұрыс әрі анық сөйлеу дағдыларын дамыту,балалардың сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге үйрету,қазақстандағы түрлі ұлттардың тілдері мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу,үлкендерді тыңдау, сыпайы қарым-қатынас жасау және тіл мәдениетін сақтауға баулу.
"Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру"
02
сентябрь
2026
"Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру"
Міндеті: -Жаңа оқу жылындағы мақсаттар мен міндеттерді нақтылау; -Оқу бағдарламасындағы өзгерістермен таныстыру; -2026-2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстыру , талқылау; -Қ.Р. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандаттардыүлгілік бағдарламаға шолу жасау; -2026-2027 жаңа оқу жылындағы топтардың дайындығы -Бөбекжай-бақша ішілік әдістемелік кеңес құрамын құру, бекіту.
«Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасын қолдану
01
сентябрь
2026
«Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасын қолдану
Міндеті:ата-аналарды «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерімен таныстыру,қосымшаны дұрыс әрі тиімді қолдану жолдарын түсіндіру,баланың ерте жастағы дамуына арналған пайдалы тапсырмалар мен материалдарды қолдануға бағыттау,ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру,ата-ана мен баланың бірлескен әрекеті арқылы баланың танымдық, тілдік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға жағдай жасау,үй жағдайында баланың дамуын қолдауға арналған қосымша ресурстарды тиімді пайдалануға кеңес беру.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 84 Вперед