Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру"
02
сентябрь
2026
"Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру"
Міндеті: -Жаңа оқу жылындағы мақсаттар мен міндеттерді нақтылау; -Оқу бағдарламасындағы өзгерістермен таныстыру; -2026-2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстыру , талқылау; -Қ.Р. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандаттардыүлгілік бағдарламаға шолу жасау; -2026-2027 жаңа оқу жылындағы топтардың дайындығы -Бөбекжай-бақша ішілік әдістемелік кеңес құрамын құру, бекіту.
№1 педагогикалық кеңес Тақырыбы:  «2026–2027 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа бағыттары: сапа, инновация және баланың әл-ауқаты»
31
август
2026
№1 педагогикалық кеңес Тақырыбы: «2026–2027 оқу жылында мектепке
Міндеті:2026–2027 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде белгіленген басым бағыттарды айқындау, тәрбиелеу-білім беру процесін сапалы ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби белсенділігін арттыру, заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына, қауіпсіздігіне және эмоционалдық әл-ауқатына жағдай жасау.
"Жаңа Конституция-бірлігіміздің тірегі"
01
июль
2026
"Жаңа Конституция-бірлігіміздің тірегі"
Міндеті: Педагогтердің Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы білімдерін кеңейту.Конституциялық құндылықтарды білім беру үдерісінде насихаттаудың маңызын түсіндіру.Педагогтердің құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.Тәжірибе алмасуға және құқықтық тәрбие беру бойынша тиімді әдістерді талқылауға жағдай жасау.
Мектеппен сабақтастық."Мектеп туралы не білеміз?"
31
март
2026
Мектеппен сабақтастық."Мектеп туралы не білеміз?"
Міндеті: Балаларға болашақтағы мектебін армандауға үйретіп, сурет арқылы әңгімелеп, шығармашылық орталарында жұмыстар жасау. 
Педагогикалық кеңес №4  "Ұлттық құндылықты дәріптей отырып заманауи технологияларды балаларға меңгерту."
26
март
2026
Педагогикалық кеңес №4 "Ұлттық құндылықты дәріптей отырып заманауи
Мақсаты: . Білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, сонымен бірге педагогикалық қауымдастықты ынтымақтастыққа және өзара даму процесіне тарту.   Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің денсаулығын  нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, ұлттық ойындар арқылы балалардың ептілігін, шапшаңдығын дамыту, ұжымда бірлесіп ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Спорт күні
19
март
2026
Спорт күні
М ақсаты : Ұжымдастар арасында  салауатты өмір салтын қалыптастыру, ағзаның қорғаныс қабілетін (иммунитетті) арттыру және физикалық белсенділік арқылы адамның өмір сүру сапасы мен ұзақтығын ұзарту.      
"Үстел үсті  ойындар"
16
март
2026
"Үстел үсті ойындар"
Міндеті: Тәрбиешілер арасында үстел үсті ойындарды ойнату. Көптеген үстел ойындары есте сақтау, ақпарат қабылдау, проблемаларды шешу және күрделі жағдайлардан шығу сияқты когнитивті функцияларға бағытталған. Үстел ойындарының бұл аспектілері ақыл-ойды дамытады және жадты күшейтеді.
Ата-аналармен бірлескен "Ашық есік" күні
12
март
2026
Ата-аналармен бірлескен "Ашық есік" күні
Міндеті:ата-аналарға бөбекжай өмірін жан-жақты таныстыру және балалардың күн тәртібімен, тәрбиелік-білім беру процесімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беру.  
Психологиялық тренинг " Мен мектепке барамын"
30
январь
2026
Психологиялық тренинг " Мен мектепке барамын"
Міндеттері: -Балалардың ойлау, есте сақтау және зейін дағдыларын дамыту. -Эмоцияларын тану және өз сезімін білдіру қабілетін қалыптастыру. -Топ ішінде қарым-қатынас жасау, достасу, ынтымақтастық қабілеттерін дамыту. -Мектепке дайындыққа қатысты қорқыныш пен уайымды азайту. -Өзін оқушы ретінде қабылдауына, мектеп ортасына бейімделуіне көмек көрсету.