Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қош  келдің балақай"
16
сентябрь
2026
"Қош келдің балақай"
Міндеті: үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету. Балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту. Айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.
«Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасын қолдану
01
сентябрь
2026
«Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасын қолдану
Міндеті:ата-аналарды «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерімен таныстыру,қосымшаны дұрыс әрі тиімді қолдану жолдарын түсіндіру,баланың ерте жастағы дамуына арналған пайдалы тапсырмалар мен материалдарды қолдануға бағыттау,ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру,ата-ана мен баланың бірлескен әрекеті арқылы баланың танымдық, тілдік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға жағдай жасау,үй жағдайында баланың дамуын қолдауға арналған қосымша ресурстарды тиімді пайдалануға кеңес беру.
"Менің отбасы тарихым"
01
июль
2026
"Менің отбасы тарихым"
Міндеті: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйісепншілікке тәрбиелеу. 
«4 маусым- Рәміздерім менің»
03
июнь
2026
«4 маусым- Рәміздерім менің»
Міндеттері: Балаларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы түсініктерін кеңейту; Елтаңбадағы негізгі белгілерді (шаңырақ, уықтар, қанатты пырақтар, жұлдыз) танып-білуге үйрету; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу; Шығармашылық қабілеттерін, қиялын және эстетикалық талғамын дамыту; Сурет салу, бояу немесе жапсыру дағдыларын жетілдіру; Өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Халықаралық балаларды қорғау күні
01
июнь
2026
Халықаралық балаларды қорғау күні
Балалардың құқықтарын қорғау, олардың денсаулығын нығайту, бақытты балалық шақтың маңызын түсіндіру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және мерекелік көңіл-күй сыйлау. Міндеттері: Балалардың құқықтары туралы қарапайым түсінік қалыптастыру; Достыққа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу; Қимылды ойындар мен қызықты іс-шаралар арқылы белсенділігін арттыру; Шығармашылық қабілеттерін дамыту; Балалардың көңілді әрі қауіпсіз демалысын ұйымдастыру.