Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жазғы жалаң аяқ жаттығулары
08
июль
2026
Жазғы жалаң аяқ жаттығулары
Міндеті: Баланың денесін шынықтыру және иммунитетін күшейту.Табан бұлшықеттері мен байламдарын дамыту.Жалпақтабанның алдын алу.Қимыл-қозғалыс үйлесімділігі мен тепе-теңдігін жетілдіру.Табанның сезімталдығын арттыру.Табиғатпен етене байланыс орнатып, салауатты өмір салтына қызығушылық қалыптастыру.Жалаңаяқ жаттығулар қауіпсіз жерде (шөпте, құмда, ұсақ тастар төселген арнайы жолақта) және тәрбиешінің бақылауымен өткізіледі.
"Жазғы сайыстар"
08
июль
2026
"Жазғы сайыстар"
Міндеті: Балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Таза ауада ойнауға деген қызығушылығын қалыптастыру. Жүгіру, секіру, лақтыру сияқты негізгі қимыл дағдыларын дамыту. Ептілікке, шапшаңдыққа және төзімділікке тәрбиелеу. Достыққа, ұйымшылдыққа және бір-біріне көмектесуге баулу. Ойын ережелерін сақтауға және тәртіптілікке үйрету. Көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру.
"Бәйтерек-Acтананың  символы"
03
июль
2026
"Бәйтерек-Acтананың символы"
Міндеті: Балаларды Бәйтерекпен таныстыру. Бәйтеректің Қазақстанның елордасындағы ерекше нысан екенін түсіндіру.Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу .Балаларға Бәйтерек туралы қарапайым мәлімет беру.Бәйтеректің сыртқы пішінін сипаттауға үйрету.Сөздік қорын «Бәйтерек», «Астана», «елорда», «биік мұнара» сөздерімен толықтыру.
"Сүйікті қалам -Астанам!"
02
июль
2026
"Сүйікті қалам -Астанам!"
Міндеті: Балаларды Астана қаласымен және оның көрікті жерлерімен таныстыру.Астана туралы қарапайым білімдерін кеңейту.Балалардың сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін және танымдық белсенділігін дамыту.Туған елге, елордаға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу. 
"Жаңа Конституция-бірлігіміздің тірегі"
01
июль
2026
"Жаңа Конституция-бірлігіміздің тірегі"
Міндеті: Педагогтердің Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы білімдерін кеңейту.Конституциялық құндылықтарды білім беру үдерісінде насихаттаудың маңызын түсіндіру.Педагогтердің құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.Тәжірибе алмасуға және құқықтық тәрбие беру бойынша тиімді әдістерді талқылауға жағдай жасау.
"Менің отбасы тарихым"
01
июль
2026
"Менің отбасы тарихым"
Міндеті: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйісепншілікке тәрбиелеу. 
Мамандықтармен таныстыру
27
июнь
2026
Мамандықтармен таныстыру
«Мамандықтармен таныстыру»  міндеттері: 1. Балаларды әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру (дәрігер, мұғалім, өрт сөндіруші, аспаз, жүргізуші т.б.). 2. Мамандық иелерінің еңбегінің маңызын түсіндіру, еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру. 3. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын кеңейту және жаңа ұғымдарды меңгерту. 4. Қарапайым еңбек түрлеріне қызығушылықтарын ояту. 5. Ойын арқылы мамандықтарды ажырата білу дағдыларын дамыту. 6. Болашақ мамандыққа деген алғашқы түсінік пен қызығушылық қалыптастыру.
«4 маусым- Рәміздерім менің»
03
июнь
2026
«4 маусым- Рәміздерім менің»
Міндеттері: Балаларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы түсініктерін кеңейту; Елтаңбадағы негізгі белгілерді (шаңырақ, уықтар, қанатты пырақтар, жұлдыз) танып-білуге үйрету; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу; Шығармашылық қабілеттерін, қиялын және эстетикалық талғамын дамыту; Сурет салу, бояу немесе жапсыру дағдыларын жетілдіру; Өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Асфальт үстіндегі сурет
01
июнь
2026
Асфальт үстіндегі сурет
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау, түрлі түстерді дұрыс қолдануға үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру және қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру. Міндеттері: Асфальт бетіне сурет салу дағдыларын жетілдіру; Ұсақ қол моторикасын дамыту; Түстерді ажырата білуге үйрету; Өз ойын сурет арқылы жеткізуге баулу; Достыққа, ұжыммен жұмыс жасауға тәрбиелеу.