27.12.2024ж."Қош келдің, Жаңа жыл!"
Міндеті: Балаларға Жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорларын дамыту. "Құлыншақ" мектепалды тобы. Тәрбиешілер: Тыйыштыкова Г. Музаппарова С.