«Табиғат бұрышындағы еңбек»
Кіші “Ертөстік” тобы. Тәрбиеші: А.М.Құдайбергенова Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы еңбек » Мақсаты: Балалардың табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күту жайлы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күту бойынша күші жетерлік қызметіне енгізу (ірі жапырақтарды сүрту, гүлдерді суару), балаларға табиғатқа деген мейірімді қатынастың үлгісін көрсету. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге қамқорлық көрсету іскерліктерін дамыту.