Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қысқы орман
06
январь
2023
Қысқы орман
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Қысқы орман. Міндеті: Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру. Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Қыстың негізгі белгілерін тани отырып, балалардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру, өз сезімдерін бейнелей білуге жапсыруға үйрету. «Құлыншақ» мектепалды топ. Тәрбиеші:  Кудайбергенова А.
Қош келдің, Жаңа жыл!
06
январь
2023
Қош келдің, Жаңа жыл!
«Құлыншақ» мектепалды топ.   Тәрбиешілер:  Кудайбергенова А.,  Досыбаева Р.  Ертеңгілік: Қош келдің, Жаңа жыл! Міндеті: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір - біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Сайқымазақтың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату,
Көліктер
06
январь
2023
Көліктер
Күннің екінші жартысындағы балалар жұмысы. Тақырыбы:Көліктер Міндеттері: -көлік түрлері,олардың атқаратын қызметі,пайдасы туралы түсініктерін кеңейту; -балалардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын ескере отырып мүсіндеу,жапсыру,құрастыру жұмыстарына тарту,үйрету. Тобы:"Ақжелкен" ересек тобы Тәрбиеші:Толебаева Ж.
Қош келдің жаңа жыл!
06
январь
2023
Қош келдің жаңа жыл!
Ертеңгілік: Қош келдің жаңа жыл! Міндеттері: -балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, -көңілді ойындар ойнату;  -шығармашылық қабілеттерін ояту. "Ақжелкен" ересек тобы Тәрбиешілер:Шаншабаева А., Толебаева Ж.
"Шырша ойыншығы"
06
январь
2023
"Шырша ойыншығы"
"Ертөстік"тобы.Тақырвбы:"Шырша ойыншығы" Тәрбиешісі: П.Каскаева 
"Келді міне,Жаңа жыл"
05
январь
2023
"Келді міне,Жаңа жыл"
"Айгөлек"тобы.Тақырыбы: «Келді, міне, Жаңа жыл». Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір - біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу. Мереке өтетін бөлме әдемі безендірілген. Шырша шамдары өшіп тұр. Ақшақар орман ішімен әндетіп келе жатады. Тәрбиешісі:Наримбетова Г
Қош келдің,Жаңа жыл!
30
декабрь
2022
Қош келдің,Жаңа жыл!
Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл! Міндеті: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза  отырып,олардың өткен жыл мен келер жыл туралы бөлімдерін кеңейту "Балапан" тобы
Аудандық семинар-практикум
30
декабрь
2022
Аудандық семинар-практикум
«Жансая» бөбекжай-бақшасында «Балалардың ұсақ қол қимылын ойын арқылы дамыту» тақырыбында өткізілген аудандық семинар-практикумда «Құлыншақ» мектепалды топ тәрбиешісі Кудайбергенова Асель Медетханқызы Шебер қолдар атты ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Марапат
28
декабрь
2022
Марапат
“Жансая”бөбекжай-бақшасының шаруашылық меңгерушісі Инкарбаева Салима Керимбековна марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.