Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Серуен. Бақылау.
29
март
2024
Серуен. Бақылау.
Бақта өсетін ағаштар мен шөптерді бақылау. Балалармен бірге ауладағы ағашты қарау: ағаштың бүрлерінің астынан кішкентай жапырақ өскіндері өсіп келе жатқанын бақылау. Табиғаттың оянуына байланысты балаларда көтеріңкі көңіл күйді ояту. Өсімдікті аялап, күте білуге үйрету. «Ақжелкен» ересек тобы. Тәрбиеші: Тыйыштыкова Гулайым
Еңбек: Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту, гүл егу).
29
март
2024
Еңбек: Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту, гүл егу).
Міндеті: Еңбекке деген оң көзқарастарын тәрбиелеу. Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау. Гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру. «Құлыншақ» мектепалды тобы. Тәрбиеші: Кудайбергенова Асель
Ертеңгілік: «Армысың, әз- Наурыз!»
26
март
2024
Ертеңгілік: «Армысың, әз- Наурыз!»
Міндеті: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
«Ұлттық ойын-тәрбиенің бастауы» атты ұйымдастырылған іс-әрекет
25
март
2024
«Ұлттық ойын-тәрбиенің бастауы» атты ұйымдастырылған іс-әрекет
«Жансая» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық ойындар арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу» тақырыбында өткізілген аудандық шебер -сыныпта «Құлыншақ» мектепалды топ тәрбиешісі Кудайбергенова Асель Медетханқызы «Ұлттық ойын-тәрбиенің бастауы» атты ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Міндеті: Балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру. Ұлттық ойындар арқылы балаларды ұлтжандылыққа, балаларға қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына
Аудандық шебер -сынып.
20
март
2024
Аудандық шебер -сынып.
«Жансая» бөбекжай -бақшасында «Ұлттық ойындар арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу» тақырыбында аудандық шебер -сынып өтті. Мақсаты: Балаларға ұлттық ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайту, ұлттық мәдениетімізді қалыптастыру. Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, ақсүйек, ханталапай, бұқа тартыс және т. б ойындары арқылы балаларға қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Ертеңгілік: «Аяулы анашым!»
11
март
2024
Ертеңгілік: «Аяулы анашым!»
«Құлыншақ» мектепалды тобының тәрбиешілері Ж. Төлебаева мен А. Құдайбергенованың ұйымдастыруымен аналарға арналған «Аяулы анашым!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.
Ертеңгілік: «Ана-аса қымбатты жан!»
11
март
2024
Ертеңгілік: «Ана-аса қымбатты жан!»
«Ақжелкен» ересек тобының тәрбиешілері Г. Тыйыштыкова мен Г. Нарымбетованың ұйымдастыруымен  аналарға арналған «Ана-аса қымбатты жан!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.
Ертеңгілік: "8 наурызыңмен - анашым!"
07
март
2024
Ертеңгілік: "8 наурызыңмен - анашым!"
Міндеті: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ешқашан аналарын ренжітпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу. "Балапан" кіші тобы. Тәрбиеші: Досыбаева Рахат
Ертеңгілік: «Аяулы ана!»
07
март
2024
Ертеңгілік: «Аяулы ана!»
Міндеті: Ана жайлы тамаша сөздер, әндер айту арқылы аналарды мерекесімен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ананың еңбегін қадірлей білуге үйрету.  Тәрбиешілер: Қасқаева. П.  Салімбаева. А.
Ертеңгілік:«Аналар - асыл қазынам!»
07
март
2024
Ертеңгілік:«Аналар - асыл қазынам!»
Міндеті: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеуге, сыйлай білуге тәрбиелеу. «Ертөстік» ортаңғы тобы. Тәрбиеші:  Ережепова Гүлназ