Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
09
сентябрь
2024

Конкурс өткізу туралы хабарландыру!

Лауазымдық міндеттері:

      Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

      баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;

       мектепке дейінгі  жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;

      қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке  дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды  жасайды, оларды жеке кіші топты және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;

      мектепке дейінгі  жастағы  шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың  дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;

      ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;

      белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;

      балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.


          Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы","Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

      жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

      белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі;

      ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
                         Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Психология" бағыты бойынша "Педагогика және психология" бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе "Психология" бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды, медициналық білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

                        Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
 
1) Осы қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)             

12)16 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

13) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейне презентациясы.(өзін –өзітаныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720х480.
 Кандидат болған жағдайда оның біліміне,жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар (біліктілігін арттыру, ғылыми академиялық дәрежелері мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік 

Жарияланымдар,біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы  жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бастартылады.
 Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарынабайланысты: 110.000 мың теңге.
 Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі:
 09.09.-23.09.2024 жыл аралығында.
 Конкурс 2024 жылдың 24қыркүйек күні өтіледі.
 Талас ауылы ,Жеңістің 40 жылдығы көшесі № 22орналасқан «Жансая» бөбекжай - бақшасы.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив