Хабарландыру
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінің бос тұрған музыка жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Байзақ ауданының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі лауазымына (1,25 бірлік) конкурс жариялайды.
Талас ауылы, Жеңістің 40 жылдығы көшесі № 22, анықтама үшін телефон. 8(726 37) 25-5-48.
Мектепке дейінгі мекеменің атауы: Байзақ ауданының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Орналасқан жері: Байзақ ауданы, Талас ауылы, Жеңістің 40жылдығы көшесі № 22. Электрондық поштасы: baizakjansai@yandex.kz.
Пошталық индексі: 08115
Мектепке дейінгі музыка жетекшісі лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды, тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеуді және эстетикалық дамытуды жүзеге асырады;
музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби меңгерген;
музыкалық және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалармен жеке жұмыс жүргізеді, музыкалық дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді анықтайды;
дене шынықтыру сабақтарын, спорттық демалыстар мен ойын-сауықтарды ұйымдастыруға қатысады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ойын қызметін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің жұмысына қатысады;
білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жұмыс практикасына инновациялық тәжірибені енгізеді;
білім алушыларды, тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге консультация береді;
музыкалық даму деңгейлерін қадағалайды;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
әр түрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы музыкалық шығармаларды;
сабақтар мен репетицияларды өткізу әдістемесін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
педагогика және психология негіздерін, музыкалық қабылдау, эмоциялар, әртүрлі жастағы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің моторикасы мен музыкалық мүмкіндіктерін, балалар репертуарындағы музыкалық шығармаларды;
музыкалық тәрбие әдістемесін;
дәрігерге дейінгі медициналық көмектің, экономиканың, еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрттен қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
168. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.
169. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу әдістемесін білуге;
балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық даму бағдарламаларын орындауға;
білім беру ұйымының білім беру бағдарламасы шеңберінде балалармен бұқаралық іс-шараларды (музыкалық кештер, ойын-сауық, ән айту, хороводтар, билер, қуыршақ және көлеңкелі театр көрсетілімдері және өзге де іс-шаралар), балалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістемелерін, балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін пайдалануға;
ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс балаларды дамытуға;
музыкалық аспапты кәсіби қолдануға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға;
балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістері болуға тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға;
балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістері болуға;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Музыка жетекшісі (немесе) білім беру бағдарламасы бойынша Бакалавры, Кәсіби біліктілігі:
Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «ҚР бала құқықтары», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, санитария және гигиена негіздерін, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогикасын, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін, санитариялық ережелерді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық әлеуметтік желілердің ресми ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды Талас ауылы, Жеңістің 40жылдығы көшесі №22 орналасқан «Жансая» бөбекжай-бақшасы өткізеді. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынандай құжаттарды ұсынады:
1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі материалдарды ұсынуға құқылы.
Конкурс І кезеңде өткізіледі:
конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
Лауазымдық жалақысы
Санаты
Лауазымдық жалақысы,қызмет атқарған жылдарына байланысты
100 000 мың теңгеден
155 000 мың теңгеге дейін
Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру,ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.
Конкурстың өтетін күні: 13.06.2022 жылы, сағат 15:00
Конкурстың өтетін орны: Байзақ ауданы, Талас ауылы «Жансая» бөбекжай-бақшасы,Жеңістің 40 жылдығы көшесі №22
Электрондық пошта: baizakjansai@yandex.kz