30
май
2024
«Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында Талас ауылы, «Жансая» бөбекжай-бақшасында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
2024 жылдың 27 мамыр күні білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен медбикелерге арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында Талас ауылы, «Жансая» бөбекжай-бақшасында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Мақсаты: Сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және балалардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін неғұрлым тиімді жағдай жасау.
Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскерлер мен медбикелер барлығы 96 қызметкерлер қатысты. Сондай-ақ аудандық СЭББ бас маманы Д. Егембердиева қатысты. Білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Б.Алимбекова семинарды ашып, педагогтарға жазғы сауықтыру іс-шараларын қалай ұйымдастырылуын, жаз мезгіліндегі жұмыс жоспарының құрылуын, балалардың өміріне қауіпсіз орта құру керектігін, жүргізілу тәртібінің ерекшеліктері туралы айтып өтті. «Жансая» бөбекжай-бақшасының әдіскері Э.Сейдельдаева, медбике А.Абдикахарова, тәрбиешілер Г.Тыйыштыкова, Ж.Төлебаева, музыка жетекшісі С.Музаппарова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.