Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2025 года » Страница 2
Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
22
март
2025
Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық
Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналған. Бұл күн ежелгі әдет-ғұрыптарды құрметтеуге, олардың терең мағынасын түсінуге және оны заман талабына сай жаңғыртуға үндейді. Осылайша, салт-дәстүрлер өзінің мәні мен даналығын жоғалтпай, түрленіп, қайта тіріледі. Бұл күн – адамның өз өткеніне құрметпен қарау арқылы кемел болашаққа қадам басуға болатыны туралы ойланатын кез. #біртұтас_тәрбие_жамбыл #наурызнама 
Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз - Ұлттық киім күні.
22
март
2025
Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз - Ұлттық киім күні.
Қазақтың ұлттық киімі халқымыздың тарихымен, мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты, олар біздің өткенімізді, ұлттық ерекшеліктерімізді, салт-дәстүрімізді айқын көрсетеді. #біртұтас_тәрбие_жамбыл #наурызнама 
17 Наурыз – Шаңырақ күніне арналған ерекше сәт!
18
март
2025
17 Наурыз – Шаңырақ күніне арналған ерекше сәт!
Шаңырақ күні – қазақ халқының отбасы институтын қадірлеу, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және болашақ ұрпаққа дұрыс тәрбие беру мақсатында маңызды рөл атқаратын мереке. Бұл күн отбасылық бірлікті арттыру, жастарды патриотизм мен еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді насихаттаудың жарқын көрінісі болып табылады. Наурыз мерекесі қарсаңында біз үшін өте маңызды әрі ұлттық құндылықтарға толы «Шаңырақ күні» ерекше орын алды. Осы маңызды күні қазақтың үлкен отбасын көрсетіп, үлгі
15 наурыз – наурызнама бойынша қайырымдылық күні.
17
март
2025
15 наурыз – наурызнама бойынша қайырымдылық күні.
Сондай-ақ мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді.
Ұлыстың ұлы күні – Көрісу күні құтты болсын!
17
март
2025
Ұлыстың ұлы күні – Көрісу күні құтты болсын!
Көрісу – тек дәстүр ғана емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше күн.Көрісу күні – жүректерді жақындататын күн, жәй ғана күн емес, бұл – ағайынның бір-бірімен жүздесіп, үлкендерге сәлем беріп, өткенге салауат айтып, болашаққа үмітпен қарайтын күн. Бұл күні реніштер ұмытылып, барша жан кешірімділік пен мейірімділікке бөленеді. Көрісу күні тек жақсылықтармен есте қалсын! Әр үйге шаттық пен береке, әр жүрекке жылулық пен қуаныш тілейміз!
Ертеңгілік: «Қыз еркем – Анасымен көркем!»
17
март
2025
Ертеңгілік: «Қыз еркем – Анасымен көркем!»
Міндеті: Балаларға көктем туралы, 8-наурыз мерекесі туралы түсінік бер, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету. (ана жайлы тақпақтар айту, мақал –мәтел, өлең ән айту,би билеу). Аналар мен ару қыздарды, әжелерді мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, тәрбиешіге, ата – анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. "Ертөстік" ортаңғы тобы Тәрбиешілер: Кудайбергенова А.,
Ертеңгілік: "Аяулы Анашым!" "Аналар - асыл жандар!"
17
март
2025
Ертеңгілік: "Аяулы Анашым!" "Аналар - асыл жандар!"
Міндеті: Балаларға көктем туралы, 8-наурыз мерекесі туралы түсінік бер, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру. Көктем мезгілінің құбылыстарынан, анаға қалй көмектесетіндері жайында өз ойларын жеткізу арқылы байланыстырып сөйлеуге талпындыру, сөздік қорларын жетілдіру, ойын арқылы ой – өрісін дамыту, қолайлы орта ұйымдастыру арқылы қызығушылығын, белсенділігін арттыру, көңіл – күйлерін көтеру. Аналар мен ару қыздарды, әжелерді мерекемен құттықтау. "Құлыншақ" мектепалды тобы
Ертеңгілік: "Ана -аса қымбат жан"
17
март
2025
Ертеңгілік: "Ана -аса қымбат жан"
Міндеті: Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тақпақ жаттап, ән айтуға үйрету. "Ақжелкен" ересек тобы Тәрбиешілер: Қасқаева П.С., Музаппарова С.А.
Ертеңгілік: "Аяулы анашым"
17
март
2025
Ертеңгілік: "Аяулы анашым"
Міндеті: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі , анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Балаларды аналардың еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу. "Айгөлек" ортаңғы топ Тәрбиеші: Ережепова Г.З.
Ертеңгілік: "8-ші наурызыңмен анашым!"
17
март
2025
Ертеңгілік: "8-ші наурызыңмен анашым!"
Міндеті: мерекелік көңіл-күй сыйлау, анаға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ән айту, би билеу қабілеттерін дамыту. "Балапан" кіші тобы Тәрбиешілер: Толебаева Ж. Нарымбетова Г.