Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2024 года
27.12.2024ж."Қош келдің, Жаңа жыл!"
31
декабрь
2024
27.12.2024ж."Қош келдің, Жаңа жыл!"
Міндеті: Балаларға Жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорларын дамыту. "Құлыншақ" мектепалды тобы. Тәрбиешілер: Тыйыштыкова Г. Музаппарова С.
"Қош келдің, Жаңа жыл!"
27
декабрь
2024
"Қош келдің, Жаңа жыл!"
Міндеті : Балаларды мерекелік көңіл-күй тудыру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру. Аяз атаның, Ақшақардың, карнавалдықкиімдеріне назар аударту,көңілді ойындар ойнату, бірлескен ойындар арқылы достық қарым-қатынастарын ояту. "Ақжелкен" ересек тобы Тәрбиешілер:Каскаева.П.С. Сәлімбаева.А.
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
27
декабрь
2024
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Міндеті: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау. "Айгөлек" ортаңғы тобы Тәрбиеші: Ережепова Г.
"Қош келдің, Жаңа жыл!"
27
декабрь
2024
"Қош келдің, Жаңа жыл!"
Міндеті: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту. "Ертөстік" ортаңғы тобы Тәрбиешілер: Досыбаева Р., Рзакулова Д.
"Тәуелсіз елім" көрмесі Көлемді, 3D макеттер, кескіндемелер, т.б.
24
декабрь
2024
"Тәуелсіз елім" көрмесі Көлемді, 3D макеттер, кескіндемелер, т.б.
Міндеттері: балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Балалардың шығармашылығын ояту. Ұлттық құндылықтарын құрметтеуді бойына сіңіру. Тәрбиешілер: Толебаева Ж., Нарымбетова Г.
"Қыс қызығы"
20
декабрь
2024
"Қыс қызығы"
Міндеті: балалардың денсаулығын нығайту, дене дағдыларын жетілдіру, жағымды эмоционалды ахуал қалыптастыру. "Құлыншақ" мектепалды тобы Тәрбиеші: Тыйыштыкова Г.Е.
"Тәуелсіздік - тұғырым!"
17
декабрь
2024
"Тәуелсіздік - тұғырым!"
Міндеті: Балаларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау. Балаларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу. "Айгөлек" ортаңғы тобы Тәрбиеші: Кудайбергенова Асель #біртұтас_тәрбие_жамбыл