Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің  жетістігі
02
апрель
2024
Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің жетістігі
"Тәуелсіздік тұғыры" атты аудандық фестивалінің жеңімпазы «Құлыншақ» мектепалды тобының тәрбиеленушілері және тәрбиеші Төлебаева Жулдыз ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тәрбиешінің жетістігі
02
апрель
2024
Тәрбиешінің жетістігі
«Қазақшаң қалай,балақай» атты аудандық байқауының жеңімпазы тәрбиеші Қасқаева Пана І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тәрбиешінің жетістігі
02
апрель
2024
Тәрбиешінің жетістігі
«Ойыншықтардың таңғажайып әлемі» атты аудандық байқаудың жеңімпазы тәрбиеші Ережепова Гульназ І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Серуен. Бақылау.
29
март
2024
Серуен. Бақылау.
Бақта өсетін ағаштар мен шөптерді бақылау. Балалармен бірге ауладағы ағашты қарау: ағаштың бүрлерінің астынан кішкентай жапырақ өскіндері өсіп келе жатқанын бақылау. Табиғаттың оянуына байланысты балаларда көтеріңкі көңіл күйді ояту. Өсімдікті аялап, күте білуге үйрету. «Ақжелкен» ересек тобы. Тәрбиеші: Тыйыштыкова Гулайым
Еңбек: Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту, гүл егу).
29
март
2024
Еңбек: Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту, гүл егу).
Міндеті: Еңбекке деген оң көзқарастарын тәрбиелеу. Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау. Гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру. «Құлыншақ» мектепалды тобы. Тәрбиеші: Кудайбергенова Асель
Ертеңгілік: «Армысың, әз- Наурыз!»
26
март
2024
Ертеңгілік: «Армысың, әз- Наурыз!»
Міндеті: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
«Ұлттық ойын-тәрбиенің бастауы» атты ұйымдастырылған іс-әрекет
25
март
2024
«Ұлттық ойын-тәрбиенің бастауы» атты ұйымдастырылған іс-әрекет
«Жансая» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық ойындар арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу» тақырыбында өткізілген аудандық шебер -сыныпта «Құлыншақ» мектепалды топ тәрбиешісі Кудайбергенова Асель Медетханқызы «Ұлттық ойын-тәрбиенің бастауы» атты ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Міндеті: Балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру. Ұлттық ойындар арқылы балаларды ұлтжандылыққа, балаларға қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына
Аудандық шебер -сынып.
20
март
2024
Аудандық шебер -сынып.
«Жансая» бөбекжай -бақшасында «Ұлттық ойындар арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу» тақырыбында аудандық шебер -сынып өтті. Мақсаты: Балаларға ұлттық ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайту, ұлттық мәдениетімізді қалыптастыру. Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, ақсүйек, ханталапай, бұқа тартыс және т. б ойындары арқылы балаларға қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Ертеңгілік: «Аяулы анашым!»
11
март
2024
Ертеңгілік: «Аяулы анашым!»
«Құлыншақ» мектепалды тобының тәрбиешілері Ж. Төлебаева мен А. Құдайбергенованың ұйымдастыруымен аналарға арналған «Аяулы анашым!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.
Ертеңгілік: «Ана-аса қымбатты жан!»
11
март
2024
Ертеңгілік: «Ана-аса қымбатты жан!»
«Ақжелкен» ересек тобының тәрбиешілері Г. Тыйыштыкова мен Г. Нарымбетованың ұйымдастыруымен  аналарға арналған «Ана-аса қымбатты жан!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.