Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Жансая» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(777) 649-89-26
Әдіскер:
+7(707) 172-04-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тақырыптық ұйымдастырылған іс - әрекет: «Ғарыш әлеміне саяхат»
11
апрель
2025
Тақырыптық ұйымдастырылған іс - әрекет: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Міндеті: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында  білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу. "Құлыншақ" мектепалды тобы Тәрбиеші: Тыйыштыкова Г.Е.
Тәрбиешілерге жүргізілетін тренинг.
11
апрель
2025
Тәрбиешілерге жүргізілетін тренинг.
Тақырыбы: "Жүрек жылуы - достықта, мейірімділікте және сыйластықта" Міндеті: топ ішінде байланыс орнату, мәселелермен жұмыс барысында пайдаланылатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік беруін айқындау. Психолог: Бегильдаева Гульжан Сайлауовна
"Әке көрген - оқ жанар" тақырыбында әкелермен ұйымдастырылған сайыс.
10
апрель
2025
"Әке көрген - оқ жанар" тақырыбында әкелермен ұйымдастырылған сайыс.
Міндеті: балалар тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру. Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. "Құлыншақ" мектепалды тобының тәрбиеленушілері Тәрбиеші: Тыйыштыкова Г.Е.
Кеңес беру: "Бала өміріндегі музыка"
08
апрель
2025
Кеңес беру: "Бала өміріндегі музыка"
Міндеті: Балалардың музыкалық қабілетін дамыту. Музыка баланың рухани дүниесін байытатыны, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер ететінін ұғындыру. Музыка жетекшісі: Музаппаоова С.А.
"Мақал - сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы"
08
апрель
2025
"Мақал - сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы"
Міндеті: Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру. "Құлыншақ" мектепалды тобы Тәрбиеші: Тыйыштыкова Г.Е.
№4 Педагогикалық кеңес.
03
апрель
2025
№4 Педагогикалық кеңес.
Тақырыбы: "Бала тұлғасының ұлттық мәдениет жағынан дамуын қалыптастырудағы рухани -адамгершілік және эстетикалық үйлесімділік" Міндеті: Ұлттық ойындармен балалардың патриоттық, адамгершілік құндылықтарды дарыту арқылы креативті және сыни ойлауын дамыту.  
Тақырыбы: "Баларға ұсақ қол моторикасын дамыту"
03
апрель
2025
Тақырыбы: "Баларға ұсақ қол моторикасын дамыту"
Ұсақ моторика баланың есте сақтау қабілетіне, зейініне және көруіне, жүйке жүйесіне тығыз байланысты қабылдауына тікелей байланысты. Ұсақ моторикасы, сондай-ақ саусақтарды дамытады. "Ақжелкен" ересек тобы Психолог: Бегильдаева Гульжан Сайлауовна
Дидактикалық ойын: "Төлін тап!"
28
март
2025
Дидактикалық ойын: "Төлін тап!"
Міндеті: Балаларды төрт түлік малдың төлін таба білуге, олардың атын атай білуге үйрету. Төрт түлік малға қамқор бола білуге тәрбиелеу. "Ертөстік" ортаңғы топ Психолог: Бегильдаева Гульжан Сайлауовна
"Қош келдің, әз Наурыз!"
27
март
2025
"Қош келдің, әз Наурыз!"
Міндеті: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру, Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл - күй қалыптастыру. Әртүрлі ұлттық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу. "Құлыншақ" мектепалды тобы Тәрбиеші: Тыйыштыкова Г.Е.  
"Қош келдің, әз Наурыз!"
26
март
2025
"Қош келдің, әз Наурыз!"
Міндеті: Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін тойлауды насихаттау. Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, балаларға іс - әрекет барысында көрсету, ойын арқылы қызығушылықтарын ояту. "Ақжелкен" ересек тобы Тәрбиеші: Қасқаева П., Музаппарова С.