Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мекемесінің бос тұрған музыка жетекшісі(0,5бірлік жүктеме)лауазымына конкурс жариялайды.
Орналасқан жері: Байзақ ауданы, Талас ауылы, Жеңістің 40 жылдығы көшесі № 22
Электрондық поштасы: baizakjansai@yandex.kz.
Пошталық индексі: 080115
Мектепке дейінгі мекеменің атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (15.08.2023ж №259 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру « Enbek.kz» сайтына жарияланады.
Бос лауазым атауы: - музыка жетекшісі 0,5 бірлік (тұрақты орнына).
Негізгі функционалдық міндеттері:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады; музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді; балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді; педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады; балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді; ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; педагогикалық этиканың нормалары; балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі; еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-шебер үшін – 5 жыл. 17. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог": біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту әдістемесін білуі, жұмыс жоспарын құруы, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;
2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету; музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен қолдану; МДҰ-ның әдістемелік жұмысына қатысу; педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу; ашық сабақтар өткізу, білім беру ұйымдарының ішіндегі іс-шараларға қатысу;
3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістерін, мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін білу; баланың даму ортасын өзгертуге белсенді қатысу;
4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыру, оларға балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістерін үйрету; кәсіби конкурстардың қатысушысы болу;
5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: балалардың музыкалық дамуының өзіндік әдістері бар; республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу; облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық әлеуметтік желілердің ресми ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды , Талас ауылы, көшесі №22 үйде орналасқан «Жансая» бөбекжай-бақшасына өткізеді. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде, ұйымға қолма-қол немесе электоронды пошта арқылы ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) Осы қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
12)16 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
13) Тәжірибесі жоқ кондидаттың бейне презентациясы.(өзін –өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720х480.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар (біліктілігін арттыру, ғылыми академиялық дәрижелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар,біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады
Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты: 120000-150000 мың теңге
Конкурсқа құжаттарды қабылдау:
10.10.-23.10.2024 жыл аралығында.
Конкурс 2024 жылдың 24 қазан күні өтіледі.
Талас ауылы, Жеңістің 40 жылдығы көшесі № 22 орналасқан «Жансая» бөбекжай - бақшасы.