14
август
2023
Хабарлама

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі музыка жетекшісі ( 0,5 бірлік жүктеме) лауазымына конкурс жариялайды!
Орналасқан жері: Байзақ ауданы, Талас ауылы, Жеңістің 40жылдық көшесі № 22.
Электрондық поштасы: baizakjansai@yandex.kz
Пошталық индексі: 08115
Анықтама үшін телефон: 8(726 37) 25-5-48.
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай-бақшасының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос лауазым атауы: 0,5 бірлік жүктеме тұрақты музыка жетекшісі.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі
Лауазымдық міндеттері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
педагогикалық этиканың нормалары;
балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі;
еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қау