Хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі тәрбиеші (уақытша 1 бірлік жүктемемен) лауазымына конкурс жариялайды!
Орналасқан жері: Байзақ ауданы, Талас ауылы, Жеңістің 40жылдық көшесі № 22.
Электрондық поштасы: baizakjansai@yandex.kz
Пошталық индексі: 08115
Анықтама үшін телефон: 8(726 37) 25-5-48.
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай-бақшасының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос лауазым атауы: тәрбиеші -1 бірлік (уақытша жоқ қызметкердің орнына).
Негізгі функфионалдық міндеттері:
Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады;
Балабақшаның басқа да қызметкерлерімен оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
Балабақшаға жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектеседі;
Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды;
Балабақшада өтілетін педагогикалық кеңестер, семинарларға қатысады. Озық іс-тәжірибесін ендіреді;
Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, жетілдіріп отырады;
Балабақшада басшыларының белгіленген тиісті іс-құжаттарын жүргізеді;
Кесте бойынша қатаң түрде медициналық тексеруден өтеді;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы","Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;